СҚО-да жыл басынан бері интернет-алаяқтықтың 600-ге жуық дерегі тіркелген

Фото: freepik
Интернет-алаяқтар күн сайын адамдарды алдаудың жаңа айла-тәсілдерін ойлап табуда. СҚО-да полицейлер киберқылмыскерлер тарапынан болуы мүмкін қауіптерді халыққа түсіндіруді жалғастырып жатыр.

Профилактиканың бір форматы – түрлі ұйымдардың еңбек ұжымдарымен кездесу. Жуырда полицейлер психикалық денсаулық орталығында, облыстық қан орталығында, сондай-ақ мемлекеттік кірістер департаментінде болып қайтты.

Олар алдаудың кең тараған схемалары туралы айтып, тыңдаушылардың сұрақтарына жауап берді. Ұйымдардың қызметкерлері белгісіз адамдардан банк картасына кенеттен белгілі бір сомада ақша түссе, қандай әрекеттер жасау қажет екенін сұрады.

Көбінесе ақша аударған белгісіз адам бірден байланысқа шығып, қателесіп кеткенін айтып, аударылған ақшаны қайтаруды сұрайды.

Полицейлердің айтуынша, қазіргі уақытта мұндай жағдайлар жиілеп кеткен. Осылайша, алаяқтар адамдарды дропперлер ретінде пайдаланады, олардың шоттары арқылы өздері алдаған адамдардың ақшасын елден шығарады.

Азаматтық сот дропперді келтірілген шығынның орнын толтыруға міндеттеуге құқылы. Өзіңізді қылмыстық схемаларға тартудан қорғау үшін белгісіз адамдардан келетін қаражаттың түсу фактісі бойынша банкке өтініш жазу қажет.

11 айда СҚО-да интернет-алаяқтықтың 599 фактісі тіркелді, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда алаяқтық саны 114 фактіге азайып отыр.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды