Сот залынан қашып кеткен күдікті: полиция қызметкерлеріне қатысты немқұрайлылық туралы іс қозғалды

Тюрьма, тюрьмы, места лишения свободы, зона, решетка, лишение свободы, заключенный, заключенные, заключение, колония, место заключения, места заключения, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.04.2025 14:30 Фото: Zakon.kz
Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха 2025 жылдың 2 сәуірінде Алматы облысында зорлау дерегімен ұсталған айыпталушының қашып кетуіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Журналистер қашып кеткен күдіктіні іздеудің қалай жүріп жатқанын сұрады.

"Иә, қашып кетті, іс қозғалды. Әлі табылған жоқ, іздеудеміз. Табамыз. Қызметкерлерге қатысты немқұрайлылық туралы іс қозғалды", – деді ол.

1 сәуірде Алматы облысында Қарасай аудандық сотының ғимаратынан зорлау дерегімен ұсталған күдіктінің қашып кеткендігі хабарланған болатын.


Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Пікірлер (0)
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: