Беларусьтен келген автоблогердің жанжалды видеосынан кейін полиция қызметкерлері жұмыстан қуылды

Полицейские, сотрудники полиции, полиция, задержание, арест, наручники, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.04.2025 11:53 Фото: Zakon.kz
Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха 2025 жылдың 2 сәуірінде Мәжіліс алаңында Беларусь азаматтарына 200 мың теңге "айыппұл салған" полицейлердің әрекетіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Оқиға Түркістан облысында болған.

"Қазір тергеу жүргізіп, іс қозғадық. Бұл қызметкерлер бүгіннен бастап жұмыстан босатылды", – деді Игорь Лепеха.

Наурыздың 31-і күні Беларусьтен келген автоблогер Қазақстандағы тас жолдың бірінде түсірілген видеомен бөлісті, онда жергілікті полиция қызметкерлері одан және оның достарынан 200 мың теңге талап еткен.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Пікірлер (0)
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: