Талғардағы УҰИ-дан қашқан күдікті: Немқұрайлылық фактісі бойынша іс қозғалды

Уақытша ұстау изоляторы, күдіктінің қашуы, Талғар, немқұрайлылық, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.10.2024 17:41 Сурет: polisia.kz
Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха Мәжіліс дәлізінде журналистерге берген сұқбатында Талғарда қыз зорлады деген күдіктінің тергеу изольяторынан қашып кетуіне қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Игорь Лепеха қашқын әлі іздестіріліп жатқанын мәлімдеді.

"Біз қазір мұнымен айналысып жатырмыз, іздеп жатырмыз, ұстайтын боламыз. Іздеу жұмыстары бойынша барлық шара қабылдануда. Біз қызметтік тергеу жүргізетін боламыз. Бұған қатыстының барлығы жазаланатын болады. Немқұрайлылық фактісі бойынша іс қозғалды", - деді ол.

2024 жылы 22 қазанда әлеуметтік желіде қыз зорлады деп ұсталған күдіктінің Талғардағы уақытша ұстау изоляторынан қашқаны туралы ақпарат пайда болды

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: