СҚО-да ер адам жылқыларды айдауға шығып, жоғалып кетті

Сурет: Zakon.kz
Солтүстік Қазақстан облысында 43 жастағы ер адам жоғалып кетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданындағы Имантау мен Арықбалық ауылдарының арасында төтенше жағдайлар департаменті құтқарушылары, полиция департаменті мен жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері және жергілікті тұрғындар бірлесіп 1981 жылы туған ер адамды іздеді.

Ол Имантау ауылынан жылқыларды айдауға шығып, жоғалып кеткен.

"Іздеуді күшейту үшін дрон қолданылды. Құтқарушылар Имантау ауылынан 8 шақырым қашықтықтағы ашық аумақтан жоғалған азаматты аман-есен тауып, елді мекенге жеткізді", - деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.

Оған медициналық көмек қажет болмаған.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі