Қостанай облысында көлік қозғалысы шектелді

Сурет: pixabay
"ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ хабарлауынша, еліміздің солтүстік өңірлерінде қолайсыз ауа райына байланысты жүк және қоғамдық көліктердің қозғалысына шектеулер енгізіліп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Компанияның мәліметінше, 2024 жылғы 16 желтоқсанда сағат 17:00-де Қостанай облысында ауа райының бұзылуына байланысты "Қостанай-Әулиекөл-Сұрған" 108-232 шақ., (Әулиекөл а. - Ақмола обл.шек.) жүк және қоғамдық көліктердің қозғалысына шектеу қойылды.

Алдын ала мәлімет бойынша, жолды 2024 жылғы 17 желтоқсан сағат 08:00-де ашу жоспарланған.

"ҚазАвтоЖол" АҚ баспасөз қызметі жүргізушілер еліміздегі жолдарға қатысты барлық ақпаратты тәулік бойы жұмыс істейтін 1403 байланыс орталығына хабарласу арқылы ала алатынын атап өтті.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Франция мен Испаниядағы орман өрті: мыңдаған адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр

ІІМ жалған ақпарат пен арандатушылық үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертті

ІІМ әлеуметтік желі қолданатын жасөспірімдерге маңызды ескерту жасады

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Қазақстанда нысандарды бұзуға жаңа жолмен рұқсат беріледі