КТК телеарнасының хабарлауынша, бұл өзгеріс көшпелі окенариум мен дельфинарийлерге де қатысты. Яғни жан-жануарлар мен балықтарды енді жүк көлігіне салып алып, айлап гастроль сапармен ауыл-аймақ, қала, кенттерді аралауға болмайды. Жаңа ережеге бағынбағандарға қомақты айыппұл салынады.
Бас эколог Ерлан Нысанбаевтың айтуынша, алдағы бір-екі жылда осы сала бір ізге түссе, министрліктің айналысар келесі шаруасы ірі цирк болмақ. Көршілес Өзбекстандағыдай, барлық жабайы жануар мен үйретілген аң-құсты зообаққа ауыстыру мәселесі қолға алынады.
"Бұл ереже 1 қаңтардан бастап іске асырылады. Байланыс жасайтын зообақ деп жатамыз ғой, жан-жануарды бейберекет ұстататын, сондай зообақтың барлығына тыйым салынады. Басқа елден келетін көшпелі цирктер де осы санатқа жатады".ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев