Шымкенттік әйел өзін-өзі емдеймін деп ажал құша жаздады

Сурет: pixabay
53 жастағы әйел қан қысымын дәстүрлі әдістермен төмендетуге тырысып, куркума мен алма сірке суын ішіп, өліп қала жаздады, деп хабарлайды Zakon.kz otyrar.kz-ке сілтеме жасап.

Дәрігерлер ажалмен арпалысып, өлім аузында жатқан әйелді әрең дегенде аман алып қалды. Бұл туралы Шымкенттегі №2 қалалық аурухананың бас дәрігері Бақытжан Позилов әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады.

Өзін-өзі емдеу ауыр зардаптарға әкеп соққан. Науқаста анафилактикалық шок пайда болып, өте ауыр жағдайда шұғыл ауруханаға жатқызылды.

"53 жасар әйел қан қысымын төмендету үшін интернеттегі кеңестерге сүйеніп, "куркума" мен "алма сірке суын" ішкен. Нәтижесінде, анафилактикалық шокқа түсіп, өте ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілді. Диагнозы: Лайелла синдромы – аллергиялық буллёзды дерматиттің ең ауыр түрі. Науқас 2 күн бойы өте ауыр жағдайда жатты, бүгін ғана есін жинады. Құрметті достар, халықтық емдеу әдістері кейде тиімсіз болып, денсаулығыңызға үлкен зиян келтіруі мүмкін. Сақ болыңыздар…", - деп жазды бас дәрігер.
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Жібек Құламбаева WTA 125 санатындағы турнирдің жеңімпазы атанды

Астанада қар жауып, көктайғақ болады, ал оңтүстікте күн жылынады

15 қарашадан бастап осы үш жұлдыз белгісінің өмірінде жақсы өзгерістер болуы мүмкін

Ақмола облысында полицейлер жоғалған 86 жастағы қарияны іздеп тапты

Қазақстанның бірнеше өңірінде тұман түсіп, көктайғақ болады