Абай облысында 12 миллион теңге көлемінде алаяқтық жасаған күдікті ұсталды

Фото: freepik
Абай облысында полиция қызметкерлері аса ірі көлемдегі алаяқтық ісіне күдіктіні қолға түсірді. Оқиға 2016 жылдың сәуір айында басталған.

45 жастағы кәсіпкер полицияға арыз түсіріп, өзін таныс адамының алдап кеткенін хабарлады. Оның айтуынша, 59 жастағы азамат сеніміне кіріп, бірлескен кәсіпкерлік қызметпен айналысу туралы ұсыныс жасаған.

Осы сылтаумен кәсіпкерден 12 миллион теңге көлемінде ірі соманы алып, кейін қайтармаған. Тергеу барысында күдікті өз кінәсін толық мойындады.

Алайда, ұрланған ақшаның сол уақытқа дейін жұмсалып кеткені анықталды.

Полицейлер қылмыстық іс бойынша қажетті дәлелдерді жинап, күдіктіні уақытша ұстау изоляторына қамауға алды.

Аталған дерек бойынша аса ірі көлемде алаяқтық жасау фактісімен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Полиция азаматтарды қаржылық мәселелерде мұқият болуға және күмәнді мәмілелерден сақтануға шақырады.

Өскемен
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Президент елді тұрақты даму жолына шығара алды – Олжас Бектенов

Ақтөбеде қоқыстан адамның мәйіті табылды

Тоқаев қорғаныс министрінің орынбасарын тағайындады

Әлемде Наурыз мейрамы қалай тойланады?

NASA-ның 600 килограммдық серігі жақында Жерге құлайды