Астана тұрғыны баспаналы боламын деп алаяққа алданды

Сурет: polisia.kz
Алаяқ мемлекеттік бағдарламамен тұрғын үй алуға жәрдем берем деп уәде беріп, кейін ақшаны алып ізін суытқан, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жәбірленуші алаяқтың сөзіне сеніп, көптен күткен баспанасына ие бола алмады. 2 млн теңгеден астам соммаға алданып қалды. Кейін алданғанын түсінген елорда тұрғыны полиция қызметкерлерінің көмегіне жүгінді.

Жедел-іздестіру іс-шараларының барысында Байқоңыр ауданының криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері күдіктіні анықтады.

Қаражатты алаяқтық жолмен иемденіп, материалдық шығын келтірген 35 жастағы әйел адам екені мәлім болды. Күдікті қылмысын мойындады. 

Алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.  Тергеу барысында күдіктінің тағы да осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы анықталды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандағы зейнеткерлер қандай жеңілдіктер мен көмекке үміткер бола алады және оларды қалай алуға болады

Қазан айында ел азаматтары қанша күн демалады

Ерлан Қарин: Жаңа Конституция ел дамуындағы жаңа тарихи кезеңді бастайды

"Үсік жүріп, тұман түседі". Синоптиктер еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жариялады

Қазақстанда бала туғаны үшін қанша төленеді және оны қалай алуға болады