Түркістанда "Жайлы мектеп" жобасы аясында 2 мың орындық тағы бір мектеп ашылды

Сурет: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Түркістанда "Жайлы мектеп" жобасы аясында тағы бір мектеп ашылды. 2 мың оқушыға арналған білім ұясы "Жаңа қала" ықшамауданында бой көтерді. Мұнда балалардың сапалы білім алуына барлық жағдай жасалған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен салынған білім ұясының ашылу салтанатына Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды мен білім саласының ардагерлері қатысты7

– Еліміздің болашағы – білімді ұрпақтың қолында. Мемлекет басшысының бастамасымен бүгінгі таңда елімізде "Жайлы мектеп" ұлттық жобасы қабылданып, заманауи, озық үлгідегі білім ошақтары салынуда. Бұл бастама апатты және үш ауысымдық мектептер мәселесін шешіп, оқушы орындарының тапшылығын жояды. Сіздердің мектептеріңіз жай ғана жаңа ғимарат емес. Бұл – даму мен оқу үшін тамаша жағдайлар жасалған орын. Жаңа білім ордасының ашылуы құтты болсын!, – деді Дархан Сатыбалды.

Сурет: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Облыс әкімі баспасөз қызметінің мәліметінше, аталған білім ордасы қаладағы екі мектептегі жүктемені азайтуға мүмкіндік береді.

Сурет: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Түркістан қаласының "Жаңа қала" аумағында салынған төрт қабатты білім ордасындағы физика, химия, биология және робототехника кабинеттері заманауи құралдармен жабдықталған. Білім алушылардың жан-жақты дамуы үшін мектепте спорт залдары, шеберлік залдары, зертханалар мен демалыс аймақтары ұйымдастырылған. Жоғары жылдамдықтағы интернетке қосылған. Бастауыш пен жоғары сынып оқушылары жекелеген блоктарда оқиды.

Сурет: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Балалардың жас ерекшелігіне орай блоктардың әрқайсысы оқу сыныптарымен, санитарлық тораптармен, спорт залдарымен және жеке шкафтармен қамтылған.

Айта кетейік, елімізде "Жайлы мектептердің" басым бөлігі Түркістан облысында салынуда. Қазір өңірде 29 мектептің құрылысы жүргізіліп жатыр. Оның үшеуі ашылып үлгерді.

Сурет: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Түркістан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қытайда пара алған шенеунік өлім жазасына кесілді

Жұмыстан босатылған қазақстандықтарға төленетін әлеуметтік төлемдер: мемлекеттен қалай көмек алуға болады

2025 жылға арналған әкімдіктердің қарыз лимиті бекітілді

Қазақстанның 25 көрікті жерінің үздік топтамасы

БҚО-да полицейлер із-түссіз жоғалған қызды аман-есен тапты