Павлодарда мемлекетаралық іздеуде жүрген такси жүргізушісі ұсталды

Сурет: pexels
Павлодарда мемлекетаралық іздеуде жүрген такси жүргізушісі ұсталды. Шетелдік аса ірі мөлшерде алаяқтық жасаған, деп хабарлайды Zakon.kz pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, "Заңсыз такси жүргізуші" республикалық жедел алдын алу іс-шарасы аясында жалдамалы пәтерлерінің бірінде аса ірі мөлшерде алаяқтық жасағаны үшін мемлекетаралық іздеуде жүрген Тәжікстан Республикасының азаматы ұсталды.

Ер адам өз Отанында қылмыс жасағаннан кейін жасырынған. 

"Ұсталған адам Павлодар қаласының уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Экстрадициялау мәселесі шешіліп жатыр", - деді департаментте. 

Бұдан бөлек, Тереңкөл ауданында тәртіп сақшысы Қазақстан Республикасында болу мерзімін бұзған көрші мемлекеттің азаматын ұстады. Шетелдіктің халықтың көші-қоны саласындағы заңнаманы бұзғаны үшін жауапқа тартылды, материал сотқа жіберілді.

Павлодар

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы