Ол ұшақ апатынан көз жұмғандардың ішінде қазақстандықтардың да бар екенін айтты.
"Осыған байланысты біз қаза тапқандардың барлық туыстары мен жақындарына, отбасыларына көңіл айтамыз. Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша осы жағдайды тергеу жөніндегі мемлекеттік комиссия құрылды. Барлық тиісті органдар жұмысқа кірісті және қажетті шаралар қабылданды. Біз бұл жұмыстардың барлығы зардап шеккендердің тез сауығуына ықпал етеді деп сенеміз", – деді Мәулен Әшімбаев.
Ұшақ апатынан зардап шеккендердің жағдайы туралы соңғы ақпаратты мына жерден оқи аласыз.
Бұған дейін қаза тапқан жеті адамның денесі анықталғаны хабарланған болатын.