Қызылордада полицейлер қиын жағдайда қалған Қырғызстан азаматына қол ұшын созды

Фото: pexels
Қызылорда облысы полиция департаментінің қызметкерлері жолда қиындыққа тап болған жүргізушілерге көмек көрсетті.

Кезекті қызмет атқару барысында полицейлер тас жолда бұзылып қалған жеңіл автокөлік жүргізушісіне көмекке келді. Қырғызстанға бағыт алған азаматтың көлігі Қызылорда облысының аумағында істен шығып, сапарын жалғастыру мүмкін болмай қалған.

Рота қызметкерлері М-32 Шымкент – Самара тас жолының Жалағаш ауылы маңында көлікті байқап, жедел әрекет етті. Олар жүргізушіні қиын жағдайдан құтқарып, автокөлікті жөндеу орталығына жеткізді. Көлігі қалпына келтірілген соң, жүргізуші полицейлерге шынайы алғысын білдіріп, Қырғызстанға сапарын қайта жалғастырды.

Полицейлер алыс сапарға шықпас бұрын, ауа райы болжамдары мен жол қызметтерінің хабарламаларын мұқият қарап, сапарды алдын ала жоспарлауға кеңес береді.

Сонымен қатар жолға шығар алдында көліктің техникалық жағдайын тексеру қажеттігін еске салады. Қызылордалық тәртіп сақшыларының кәсіби әрі адами қамқорлығы тағы да үлгі боларлық іс екенін көрсетті.

Қазақстан
Қызылорда

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Бұл – махаббат емес". ІІМ адамды аңдып, қудалағаны үшін жауапкершілік барын ескертті

Жалақыдан ұсталатын салықты есептеу жеңілдейді: Қазақстанда жаңа сервис іске қосылады

Алматыда 10 қарашада күн +20°C-қа дейін жылып, келесі күні қар жауады

Мәскеуден Алматыға ұшқан SCAT ұшағы Астанаға шұғыл қонды

Қазақстанның төрт өңірінде жаңбыр аралас қар жауып, қарлы боран соғады: 9 қарашаға арналған жол болжамы