Қос азаматтығы бар Астана тұрғыны Қазақстан мен Ресейде 10 жыл бойы зейнетақы алған

Сурет: Zakon.kz/Максим Золотухин
Астана прокуратурасының қызметкерлері зейнетақы жарналарының заңсыз түсуінің жолын кесті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ведомствоның хабарлауынша, Қазақстан мен Ресей Федерациясы мемлекеттерінің қос азаматтығы бар қала тұрғыны 10 жыл бойы екі мемлекеттің аумағында бір мезгілде зейнетақы төлемдерін алып отырған.

"1992 жылғы 13 наурыздағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттер азаматтарының зейнетақымен қамсыздандыру саласындағы құқықтарының кепілдіктері туралы Келісімге сәйкес - қатысушы мемлекеттер шегінде зейнеткер қоныс аударған кезде, егер сол түрдегі зейнетақы зейнеткердің жаңа тұрғылықты жері бойынша мемлекеттің заңнамасында көзделсе, бұрынғы тұрғылықты жері бойынша зейнетақы төлеу тоқтатылады", - делінген хабарламада.

Ведомство зейнетақы төлемдерін Келісімге қатысушы екі мемлекетте бір мезгілде тағайындау мүмкін емес екенін хабарлады.

Қала прокуратурасының ден қою актісі бойынша сотпен зейнетақы төлемдерін алушыдан 8,9 млн теңге мөлшерінде заңсыз алынған зейнетақы төлемдері өндірілді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Жауын-шашын түсіп, көктайғақ болады". Дүйсенбіде еліміздің 17 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Азаматтардың өтініші көбейді: Мемлекеттік органдар мен әкімдіктер нені талқылады

Алматыда Сайран көлі маңынан қару мен патрондар табылды – полиция тексеруді бастады

1200-ден астам құқық бұзушылық: Астанада жаппай рейд жүріп жатыр

Жаңа тарихи белеске қадам басу: Қазақстанда стратегиялық даму жөніндегі сарапшылар тобы құрылды