Қытайдағы жойқын жер сілкінісі: Тоқаев Си Цзиньпинге және ел халқына көңіл айтты

Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай Халық Республикасының Төрағасына көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақорданың хабарлауынша, жеделхатта Сицзан автономиялық ауданының Шигацзе қаласында болған жойқын жер сілкінісі салдарынан көптеген адамның қаза тапқаны және зардап шеккені туралы суыт хабарды терең күйзеліспен қабылдағанын жеткізді.

Сонымен қатар Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқының және өзінің атынан ҚХР төрағасы Си Цзиньпин мен жақындарынан айырылған отбасыларға, сондай-ақ достас қытай халқына көңіл айтып, апатта жараланғандардың тез арада сауығып, отбасыларына оралуына тілектестік білдірді.

Шигацзе қаласының маңында жер сілкінісі 2025 жылғы 7 қаңтарда жергілікті уақыт бойынша сағат 09:05-те (Астана уақыты бойынша 06:05) тіркелген. Куәгерлердің айтуынша, күшті жер асты дүмпулері Бихар, Ассам және Батыс Бенгалияда сезілген. Тұрғындар үрейленіп үйлерінен жүгіріп шыққан. Жер сілкінісінен кем дегенде 32 адам қаза тауып, тағы 38 адам зардап шеккен. Қытай Төрағасы Си Цзиньпин кең ауқымды құтқару жұмыстарын бастау туралы тапсырма берді.

АҚШ Геологиялық қызметінің мәліметінше, жер сілкінісінің күші 7,1 балл болған. Қытайдың сейсмикалық орталығы оның күшін 6,8 балл деп болжап отыр.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Президент елді тұрақты даму жолына шығара алды – Олжас Бектенов

Ақтөбеде қоқыстан адамның мәйіті табылды

Тоқаев қорғаныс министрінің орынбасарын тағайындады

Әлемде Наурыз мейрамы қалай тойланады?

NASA-ның 600 килограммдық серігі жақында Жерге құлайды