Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылғы 1 қыркүйектегі "Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам" атты жолдауында былай деген болатын.
"Орта білімнің сапасы – табысты ұлт болудың тағы бір маңызды шарты. Әрбір оқушының білім алып, жан-жақты дамуы үшін қолайлы жағдай жасалуға тиіс. Сол үшін "Жайлы мектеп" ұлттық жобасы қолға алынды".
Мемлекет басшысы жаңа жоба заманауи талаптарға сай келетін, жаңа оқушы орындарын құру, апатты және үш ауысымды мектептер мәселесін толығымен шешуге мүмкіндік беретінін, сондай-ақ қалалар мен ауылдардағы білім беру инфрақұрылымының сапасы арасындағы айырмашылықты айтарлықтай теңестіретінін атап өтті. Жоба 2023 жылы басталды, оны жүзеге асыруға "Самұрық-Қазына" қоры жауапты болды.
Жобаны орындаушы оның мерзімін, мақсатын және құнын белгіледі. Мәселен, 2023-2025 жылдар кезеңінде Қазақстан бойынша 842 мың балаға арналған 401 заманауи мектеп салу жоспарланған болатын, ол үшін бюджеттен 2,6 трлн теңге бөлінді (кейін 2,3 трлн-ға дейін қысқартылды).
Мектеп тапшылығы күрделі болып тұрған өңірлерге: Алматы, Түркістан, Маңғыстау облыстарына, сондай-ақ Шымкент, Алматы және Астана қалаларына баса назар аудару ұйғарылды. Сондай-ақ, ауылдық және қалалық мектептердің жабдықталуында айтарлықтай айырмашылық болмауы көзделді.
"Жаңа үлгідегі мектептер 2025 жылдың соңына дейін тек қалаларда ғана емес, еліміздің барлық өңірлерінде, тіпті ең шалғай елді мекендерде де салынатын болады. Құрылыс кезінде қазақстандық өндірістің материалдары қолданылады. Мектептерді жобалау кезінде Қазақстандағы қолданыстағы нормалар, Үкімет бекіткен техникалық тапсырма, сондай-ақ жалпы білім беретін мекемелерді салудың озық халықаралық тәжірибесі ескерілетін болады", — деп мәлімденген қорда.
Оқу орындарында заманауи робототехника және инклюзивті білім беруді қолдау кабинеттерімен жабдықтау, қол жетімді ортаны және соңғы техника бойынша қауіпсіздік жүйесін қамтамасыз ету жоспарланды.
Айта кетейік, Жоғары аудиторлық палатаның төрағасы Әлихан Смайылов 2023 жылы жоба бойынша толық көлемде берілген қаржыландыру аясында қаражаттың тек 38% игерілгенін анықтады.
Нәтижесінде алғашқы "жайлы" мектептер 2024 жылдың 1 қыркүйегінде тәлімгерлерге есіктерін айқара ашты.
"Елімізде 90 мың орындық 70 жаңа мектеп ашылды. Олардың ішінде Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша "Жайлы мектеп" ұлттық жобасы аясында салынған білім ордалары бар", – деп мәлімдеді Оқу-ағарту министрдігі
2024-2025 оқу жылында 217 нысанның құрылысы жүргізілуде. Ұлттық жоба бойынша барлығы 740 мың оқушы орнына есептелген 369 мектеп салынуы тиіс болған.
Алайда, 2024 жылдың желтоқсан айында "жайлы мектеп" ұлттық жобасын қаржыландыру 2 385 833 740 мың теңгеден 1 493 183 305 мың теңгеге дейін қысқарды
Әр жыл сайын ақша ағындары келесідей "бөлінді" :
- 2023 жылы — 499 999 715 мың теңге (өзгерген жоқ);
- 2024 жылы — 646 535 491 мың теңге (976 394 636 мың теңге болды);
- 2025 жылы — 346 648 099 мың теңге (909 439 389 мың теңге болды).
Нәтижесінде, күтілім саны да өзгерді: жарияланған 740 мың жаңа оқушы орны 460 400-ге, 369 мектептен 217-ге дейін қысқарды.
Қазіргі уақытта осы 217-нің 105-і салынған, атап айтқанда:
- Астана-16
- Түркістан облысы-13
- Шымкент-11
- Ақмола облысы-9
- Алматы облысы-9
- Алматы-7
- ШҚО-5
- Қызылорда облысы-5
- Жамбыл облысы-4
- Қарағанды облысы-4
- Қостанай облысы-4
- Маңғыстау облысы-4
- Абай облысы-3
- Атырау облысы-3
- БҚО-3
- Ақтөбе облысы – 2
- Жетісу облысы-1
- Ұлытау облысы-1
- СҚО-1
Бұл ретте 36 жаңа "жайлы мектеп" ауылдық елді мекендерде орналасқан. Қалған 112 мектеп 2025 жылы тапсырылады деп күтілуде.