Қазақстандық дзюдошылар жаңа маусымға дайындықты бастап кетті

Сурет: Дзюдо федерацияның баспасөз қызметі
Астанада дзюдодан Қазақстан құрамасының оқу-жаттығу жиыны басталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл жиын жаңа маусымға дайындық кезеңі ретінде ұйымдастырылды.

Оқу-жаттығу жиыны аясында спортшылар жаттығуларын Жақсылық Үшкемпіров атындағы спорт кешенінде өткізіп жатыр. 

Жаттығу жиынына шамамен 100 татами шебері қатысуда. Олардың қатарында Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Ғұсман Қырғызбаев, әлем чемпионатының қола жүлдегері Әбиба Әбужақынова, Grand Slam турнирінің жеңімпаздары – Мағжан Шамшадин, Нұрқанат Серікбаев, Ғалия Тынбаева, сондай-ақ 2024 жылғы Қазақстан чемпионатының жеңімпаздары мен жүлдегерлері бар.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Нөсер жаңбыр жауып, үсік жүреді". Еліміз бойынша 5 қарашаға арналған ауа райы болжамы

Қазақстанда әскери билеттерді беру тәртібі өзгерді

5 қарашадағы Астана мен Алматыдағы айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы

Ақтөбеде неке сарайында бұрынғы күйеуі пышақтап кеткен әйелдің екі баласы жетімдер үйіне орналастырылды

Павлодар облысында оқушы қыздар зорланған