Енді түнгі тыныштықты бұзғандар 19 660 теңге айыппұл төлейді

Фото: Zakon.kz
Түнде сағат 22:00-ден кейін тыныштық бұзғандар 19 660 теңге айыппұл төлейді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазіргі қолданыстағы заң бойынша қазақстандықтарға жұмыс күндері сағат 22:00-ден, ал демалыс күндері сағат 23:00-ден кейін тыныштық бұзғаны үшін айыппұл салынады.

Айыппұлдың мөлшері мынандай:

Жеке тұлғалар үшін 5 айлық есептік көрсеткіш бойынша айыппұл салынады.

Шағын кәсіпкерлер үшін 20 айлық есептік көрсеткіш болса, орта бизнеске – 30, ал ірі кәсіпорындардың айыппұлы да еселенген, деп жазады qazaqstan.tv.

Енді олар тыныштық бұзса 100 айлық есептік көрсеткіш бойынша, яғни, 393 200 теңге шығынға түседі.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Франция мен Испаниядағы орман өрті: мыңдаған адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр

ІІМ жалған ақпарат пен арандатушылық үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертті

ІІМ әлеуметтік желі қолданатын жасөспірімдерге маңызды ескерту жасады

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Қазақстанда нысандарды бұзуға жаңа жолмен рұқсат беріледі