WhatsApp-та 4 бірдей жаңа фнукция пайда болды

Сурет: pexels
WhatsApp мессенджерін құрастырушылар қосымшадағы жаңа фнукциялар жайлы мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оның бірі камера эффектілеріне қатысты.

"Өткен жылы көпшіліктің көңілінен шыққан, бейне қоңырау кезіндегі эффектілерді шығардық. Енді осы 30 фонды, фильтр мен эффектілерді чаттарда жіберетін бейнелер мен фотосуреттер үшін пайдалануға болады",- делінген ақпаратта.

Келесі жаңалық селфи стикерлеріне қатысты. Селфи негізінде жеке стикерлер жасауға болады. Мұны істеу үшін стикер белгішесін басып, "жасау" тармағын таңдап, камераны пайдаланып суретке түсіріңіз. Бұл мүмкіндік Android үшін қол жетімді және жақын арада iOS құрылғыларында пайда болады.

Тағы бір мүмкіндік – стикерлер жиынтығын жіберу.

"Досыңызға ұнайтын стикерлер жиынтығын көрдіңіз бе? Тікелей чат арқылы бөлісіңіз!"- деп жазады WhatsApp әзірлеушілері.

Тағы бір жаңалық - жылдам реакциялар. Хабарламаға жауап беру үшін оны екі рет түртіп, өзіңіз жиі қолданатын реакциялардың бірін таңдау керек.

Бұған дейін WhatsApp арқылы жасалған алаяқтық туралы ескертілген болатын.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

16 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Еңбек кодексі: тамыз айында не өзгереді және жұмыс берушілер нені білуі керек

Желідегі видео: жолда көліктерімен ойына келгенін істеген топ жас полицияға жеткізілді

ЭЦҚ және жалған ЖК арқылы: Түркістан облысында бюджеттен 103 млн теңге қалай ұрланған