Сырдария өзеніндегі дамбалар нығайтылды

Сурет: akorda.kz
Сырдария өзенінің Қызылорда облысы аумағында су басу қаупі бар 28 аумақ анықталды. Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мамандары аталған учаскелерді тәулік бойы бақылауға алған, деп хабарлайды Zakon.kz.

"24KZ" дерегінше, 2024 жылғы күзден бері өзен бөгетінің 7 учаскесі нығайтылды. Бүгінде облыс аумағына Сырдария арқылы секундына 457 текше метр су жіберіліп отыр. Оңтүстік аудандарда толық мұз қатып үлгермеген. Сондықтан кез келген сәтте қауіп туындауы мүмкін.

Мамандар тасқынға қарсы шаралар аясында инертті материалдар мен техникалар және эвакуациялық бекеттер дайын екендігін айтып сендіруде. 

"Қармақшы ауданы Қорқыт ата станциясының тұсында нығайту жұмыстары жүргізілуге тиіс болатын. Мейлінше биылға үлгермеді, қазіргі уақытта тиісті жұмыстар дайындалып, бітіреміз деген жоспар бар. Барынша дайындық әзірлікте, қай уақытта, қандай мөлшерде су келсе де, төтенше жағдайдың алдын алу бағытында пысықтап, әзірлеп отырмыз".Бейбітхан Спанов, облыстық ТЖД басқарма басшысы

Бұған дейін Петропавлда стадион өртеніп кеткендігі хабарланған болатын.

Қазақстан
Қызылорда

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

3 қарашадағы Астана мен Алматыдағы айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы

Президент Жолдауы: Атырауда ақпараттық-түсіндіру кездесулері басталды

Қазақстанда телеарналар мен радио хабар тарату уақытша тоқтайды

Дәурен Мұратбеков Жоғары Сот Кеңесіндегі қызметінен босатылды

Әсел Жанасова Премьер-министрдің орынбасары – көлік министрі болып тағайындалды