Тамшылатып суару және ұңғымаларды бұрғылау: Жамбыл облысында ірі өндіріс ошағы іске қосылды

Сурет: Жамбыл облысының әкімдігі
Жамбыл облысында “Каз Каспий ГидроСельхоз Технология” ЖШС тамшылатып суару жүйесін шығаратын өндірісті іске қосты.

Өңір басшысы Ербол Қарашөкеев жаңакәсіпорынды аралап, жұмысымен танысты.

Жоба құны - 2,8 млрд. теңге. Мұнда жылына 20 мың гектарға дейінгі алқапты тамшылатып суаруға қажетті жабдықтар өндіріледі.

30 жаңажұмыс орны құрылды. Өндіріс толық қуатынашыққаннан кейін жұмыс орындарының саны екіесеге артады.

Сурет: Жамбыл облысының әкімдігі

Қазіргі уақытта кәсіпорын келесі вегетациялықмаусымға толығымен дайын. Фермерлерге 6 000 гектар суару жабдықтары беріледі. Сондай-ақ ұңғымаларды бұрғылауға арналғанқұрал-жабдықтар да жеткізілді.

Ербол Қарашөкеев Мемлекет басшысының жан-жақты қолдауының арқасында елімізде инвесторлардың жұмыс жағдайын жақсарту бойынша жүйелі қадамдар жасалып жатқанын баса айтты.

Сурет: Жамбыл облысының әкімдігі

Облыс әкімі өндіріс ошағына қажетті қолдау көрсетілетінін, сондай-ақ шаруалар үшін дұрыс баға мен сапа арақатынасының маңыздылығын атап өтті.

Суды үнемдейтінсуару технологияларын енгізу су шығыныназайтып, ауыл шаруашылығы дақылдарыныңөнімділігін арттырады.

Сурет: Жамбыл облысының әкімдігі

Бұдан бөлек, жергілікті тұрғындарды жұмысқатарту мәселесіне де назар аударды.

Облыста суармалы жердің көлемі 181,8 мыңгектарды құрайды. Оның 127,3 мың гектары немесе 70,9 пайызы жерүсті әдісімен суарылады. Ал 28,5 мың гектар алқапқа жаңбырлатып суару, 11,5 мың гектар жерге тамшылатып суару жүйесі пайдаланылады.

Сурет: Жамбыл облысының әкімдігі

2024 жылы 15,2 мың гектар алқапқа су үнемдеу технологиялары орналастырылған. Биыл 10 мың гектарға енгізіліп, облыс аумағындағы жалпы көрсеткіш 64,5 мың гектарға дейін жетеді деп күтілуде.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандағы зейнеткерлер қандай жеңілдіктер мен көмекке үміткер бола алады және оларды қалай алуға болады

Ерлан Қарин: Жаңа Конституция ел дамуындағы жаңа тарихи кезеңді бастайды

Қазан айында ел азаматтары қанша күн демалады

"Үсік жүріп, тұман түседі". Синоптиктер еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жариялады

"Тұман түсіп, күн суытады". Дүйсенбіде еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жарияланды