Павлодарда отбасылық жұп телефон алаяқтарына көмектескен

Фото: Zakon.kz
Павлодар қаласында полиция қызметкерлері "телефон" алаяқтарына көмектескен отбасылық жұпты ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ведомство ақпаратынша, жедел іздестіру іс-шаралары ІІМ киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаментінің үйлестіруімен жүргізілді.

Жалдамалы пәтерде әрқайсысында 8 слоты бар 5 sim-box құрылғысы анықталған. Онда қазақстандық ұялы байланыс операторларының sim-карталары орнатылған. Олардың көмегімен республика аумағында интернет-алаяқтық жасау үшін қолданылатын виртуалды абоненттік нөмірлер тіркелген.

"Сонымен қатар 4 роутер мен қазақстандық және шетелдік байланыс операторларының 53 sim-картасы тәркіленді. Ұсталғандар полицияға жеткізілді. Анықталғандай, олардың міндетіне апта сайын құрылғылардағы sim-карталарды ауыстыру кірген. Қазіргі уақытта тергеу жүргізілуде, – деді ІІМ киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаментінің бастығы Жандос Сүйінбай.

ІІМ киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаменті ұялы байланыс операторларымен бірлесіп, интернет-алаяқтармен және олардың сыбайластарымен белсенді күресті жалғастырып келеді. Жыл басынан бері 9 мыңнан астам нөмір бұғатталды. Олар арқылы 200 мың алаяқтық қоңырау шалынған.

Бұған дейін Қазақстанның бес облысында заңсыз көші-қон арналарының жолы кесілгендігі хабарланған болатын.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін