Павлодарда балаларына алимент төлемеген әке ұсталды

Сурет: pexels
Павлодарда полицейлер балаларына 4,5 млн теңге қарыз әкені ұстады. Жұбайымен ажырасқан ер адам төрт жылдан бері соттың алимент төлеу туралы шешімін елемей келген, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазір оның алимент бойынша қарыз сомасы - 4,5 миллион теңге. Полиция қызметкерлері 29 жастағы ер адамды ұстап, қарыз сомасын өндіріп алу туралы сот шешімін орындау үшін істі жеке сот орындаушысына тапсырды.

Сонымен қатар балаларды асырауға арналған қаражатты төлеу жөніндегі міндеттемесін орындамағаны үшін ер адамға қатысты қылмыстық іс қозғалды.

Полиция қызметкерлері алимент төлеуден жалтару, тек қаржылық шығынға емес, сонымен қатар қылмыстық жауапкершілікке тартылуға әкелуі мүмкін екенін ескертті.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Димаш Колумбияға алғаш барды. Әнші Богота әуежайында жанкүйерлері қалай қарсы алғанын көрсетті

Азаматтардың өтініші көбейді: Мемлекеттік органдар мен әкімдіктер нені талқылады

Жаңа тарихи белеске қадам басу: Қазақстанда стратегиялық даму жөніндегі сарапшылар тобы құрылды

Атырауда отыз отбасы "Отбасы банктен" баспаналы болды

Алматыда Сайран көлі маңынан қару мен патрондар табылды – полиция тексеруді бастады