Шығыс Қазақстан облысында қар көшкіні қайталанды

Сурет: pixabay
Шығыс Қазақстан облысында қар көшкіні қайталанып, тағы да жолды жауып қалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Қазселденқорғау" мәліметінше, Ұлан ауданында облыстық маңызы бар Өскемен - Самар тасжолының 100-шақырымында жауын-шашынның мол түсуінен және желдің күшеюіне байланысты жалпы көлемі 750 текше метр қар көшкіні өздігінен түсті. 

Зардап шеккендер мен қираған ғимараттар жоқ.

Қар көшкіні жолды жауып тастады. Жол жол қызметінің күшімен тазартылды, қазір жол ашық.

ТЖМ таудағы қауіпсіздік ережелерін еске салады:

Еске салайық, бұған дейін 2025 жылғы 18 қаңтарда Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданында облыстық маңызы бар Өскемен - Самара автожолының 101-шақырымында жауын-шашынның мол түсуіне және желдің күшеюіне байланысты жалпы көлемі 370 текше метр қар көшкіні өздігінен түскенін хабарлаған едік.

Өңірде 2025 жылғы 17-20 қаңтар аралығында облыстың таулы аудандарында көшкін қаупі жарияланды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанның жаңа Конституциясының толық мәтіні жарияланды

Алматыда 12 жастағы баланы өлтіріп кетті: күдікті – 13 жаста

1 шілдеден бастап БЖЗҚ салымшылары зейнетақы жинақтарының 50% жеке инвестициялық компанияларға бере алады

“Оқуға түсіремін”: Астанада 8 млн теңгені алаяқтықпен иемденген күдікті ұсталды

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Салық кодексінде не өзгереді