Екібастұзда полиция капитаны жұмыс көлігімен жол ережесін бұзған

Сурет: Zakon.kz
Екібастұзда полиция капитаны жол ережесін бұзған. Сол үшін тәртіп сақшысы айыппұл төлеуге мәжбүр болды, деп хабарлайды Zakon.kz pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Әлеуметтік желіде патрульдік полиция автокөлігінің жүргізушісі жол ережесін өрескел бұзғаны түсірілген видео тарады.

Облыстық полиция департаменті Екібастұз қаласының көшелерін Chevrolet Cobalt жұмыс көлігімен ведомствоға қарасты патрульдік полиция ротасының инспекторы, полиция капитаны Сенбаев аралап жүргенін хабарлады.

Ол қызмет барысында көлікті тоқтату немесе қою ережелерін сақтамауға байланысты жол қозғалысы ережесін бұзған.

"Капитанға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 597-бабының бірінші бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, 19 660 теңге айыппұл салынды", - деп хабарлады департамент.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Айдос Сұлтанғали Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатында қола медальға ие болды

"Аяз, тұман, көктайғақ". Дүйсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды