Алматы ботаникалық бағы жағымды жаңалықпен бөлісті

Сурет: unsplash
Алматы ботаникалық бағы құстарға азық жинау науқанына байланысты жағымды хабармен бөлісті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұған дейін, 15 қаңтар күні бақ әкімшілігі құстардың қыстан аман шығуы үшін жем қажет екендігін хабарлап, келушілерді қысқы науқанға шақырған болатын. Ал, бүгін, 20 қаңтарда науқанның аяқталғанын және қажетті жем мөлшері жиналғанын қуана мәлімдеді.

"Құрметті достар! Құстарға азық жинау науқаны аяқталғанын қуана хабарлаймыз. Сіздің қамқорлығыңыз бен белсенді қатысуыңыздың арқасында біз небәрі үш күнде 200 кг-нан астам жем жинадық! Осы науқанға қатысқандардың барлығына рахмет. Құстардың азығын зейнеткерлер, мектеп оқушылары, тұтас отбасылар әкеліп, тіпті басқа қалалардан да жіберетін",- делінген ақпаратта.

Сонымен қатар, бұл бірлескен күш құстардың қыстың суық күндерінен аман өтуге көмектесетіндігін айтты.

"Сондай-ақ ботаникалық бақта ғана емес, қаланың түкпір-түкпірінде құстар бар екенін және олардың барлығы қамқорлықты қажет ететінін еске саламыз. Аулаларыңызда, саябақтарыңызда, алаңқайларыңызда қала құстарын тамақтандырсаңыз, біз қуанамыз. Табиғатқа қамқорлық жасауды бірге жалғастырайық". Алматы ботаникалық бағы

Бұған дейін синоптиктердің Алматы мен Атырау тұрғындарына ескерту жасағандығы хабарланған болатын.

Алматы
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды