Көкшетаудағы ауруханада үш жасар баланың ата-анасы дәрігерлерге шабуыл жасап, қырғын шығарды

Сурет: pixabay
Көкшетауда қолын ауыр жарақаттап алып, ауруханаға жеткізілген үш жасар баланың ата-анасы дәрігерлерге шабуыл жасап, қырғын шығарды. Олар жансақтау бөлімінің есігін сындырып, дәрігерлермен төбелесіп, кейін олардың үстінен арыз жазған, деп хабарлайды Zakon.kz.

КТК телеарнасының хабарлауынша, оқиға Ақмола облыстық балалар ауруханасында болған.

Саусақтары жаншылған баланы жедел жәрдем жеткізген. Ата-анасының айтуынша, үйде баланың үстіне консоль құлаған. Дәрігерлер баланы тексергеннен кейін саусақ ұшын ампутациялау туралы шешім қабылдаған, өйткені оны басқа амал қалмаған.

Мұны естіген әкесі дәрігерлерге шабуыл жасап, жансақтау бөлімінің есігін сындырған. Бұл кезде анасы дәрігерлердің үстеліндегі заттарды лақтырып, айғайға басып, қызметкерлер мен науқастарды қорқытқан. Сосын ол дәрігерлердің үстінен арыз жазған. Дәрігерлер де қарап қалмады. Енді бәрін полиция тексереді.

"Сондай-ақ қазіргі уақытта тексеру жүргізіліп жатқан медициналық мекемеде ата-аналар тарапынан жасалған заңсыз әрекеттер фактісі бойынша медицина қызметкерлерінен өтініш тіркелді". Ақмола облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің жетекші маманы Әлия Біләлова
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды