Павлодарда отқа оранған дүкенде қызметкер көз жұмды

Сурет: Павлодар облысының ТЖД баспасөз қызметі
Павлодарда құрылыс материалдары жанып, ғимарат өртенді, деп хабарлайды Zakon.kz pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, сағат 10:45-те Астана көшесінде орналасқан құрылыс материалдары дүкенінде өрт шыққаны туралы хабарлама түсті. Шақырту орнына өрт сөндіру бөлімшелері, жедел құтқару жасағы мен апаттар медицина орталығы дереу жіберілді.

"Өрт сөндірушілер тез арада 40 шаршы метр алаңда құрылыс материалдарының жануын сөндіруге кірісті. Жұмысты қатты түтін қиындатты. Ғимараттан бір газ баллоны шығарылды. Өрт шыққан жерде 1965 жылы туған дүкен қызметкерінің денесі табылды", - деп хабарлады департамент.

Өрт сағат 11:50-де толықтай сөндірілді.

ТЖД күштері мен құралдарынан 54 қызметкер мен 10 техникасы жұмылдырылды. Өрт себебі анықталып жатыр.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандағы зейнеткерлер қандай жеңілдіктер мен көмекке үміткер бола алады және оларды қалай алуға болады

Ерлан Қарин: Жаңа Конституция ел дамуындағы жаңа тарихи кезеңді бастайды

Қазан айында ел азаматтары қанша күн демалады

"Үсік жүріп, тұман түседі". Синоптиктер еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жариялады

"Тұман түсіп, күн суытады". Дүйсенбіде еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жарияланды