ІІМ: Қаңтар айының басынан бастап 250 келіден астам есірткі тәркіленді

Сурет: Zakon.kz
Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлінісі Солтүстік Қазақстан облысының 47 жастағы тұрғынын ұстады. Ол өзінің үйінің жанында "қарасора" өсірумен айналысқан. Кейін оны таратуды көздеген, деп хабарлайды Zakon.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.

"Қарасора" тұқымын интернет арқылы сатып алып, курьерлік қызмет арқылы өзіне жеткізген. Ал төлемді өзінің банк картасынан жасаған.

"Тінту барысында қарасора, сатуға дайын өнім, сондай-ақ құрамында есірткі бар өсімдіктерді өсіруге арналған жабдық тәркіленді. Сараптамалар тағайындалды", - деді ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының орынбасары Данияр Мейірхан.

Жыл басынан бері 250 келіден астам есірткі, оның ішінде 24 келіден астам гашиш, 190 келі марихуана, 12 келіден астам синтетика тәркіленді. Биыл 8 есірткі зертханасы жойылды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі