Көкшетауда дәрігерлерге күш көрсеткен ер адам қамалып, ал әйелі айыппұл арқалады

Сурет: Zakon.kz
Көкшетауда дәрігерлерге күш көрсеткен еркекті сот екі тәулікке қамады. Ал анасы 118 мың теңге көлемінде айыппұл арқалаған, деп хабарлайды Zakon.kz КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Көкшетау соты дәрігерлерді балағаттап жағасынан алған ата-аналарға қатысты үкім шығарды. Олар баланың анасына 30 айылық есептік көрсеткіш, яғни 118 мың теңгедей айыппұл салса, әкесін екі тәулікке қамауға алып, әкімшілік жаза қолданған.

Еске салайық, Көкшетауда қолын жарақаттап алып, ауруханаға жеткізілген үш жасар баланың ата-анасы дәрігерлерге шабуыл жасап, қырғын шығарған еді. Олар жансақтау бөлімінің есігін сындырып, дәрігерлермен төбелесіп, кейін олардың үстінен арыз жазған. Оқиға Ақмола облыстық балалар ауруханасында болған.

Саусақтары жаншылған баланы жедел жәрдем жеткізген. Ата-анасының айтуынша, үйде баланың үстіне жиhаз құлаған. Дәрігерлер баланы тексергеннен кейін саусақ ұшын ампутациялау туралы шешім қабылдаған, өйткені оны басқа амал қалмаған.

Ампутация жасаған дәрігерлердің айтуынша, сүйегі мен еті езіліп, тек терісінде ғана ілініп қалған қыздың саусақтарын қалпына келтіру мүмкін болмаған.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Өздігінен қоқыс тастағаны үшін шенеуніктерге 10 миллион теңгеге жуық айыппұл салынды

"Аяз болады, боран соғып, қар бұрқасындатады": Астана мен 17 өңірде дауылды ескерту жарияланды

Көлікті 5 минуттан артық қыздырғаны үшін айыппұл: Экология министрлігінің басшысы өз ұстанымын білдірді

Қазақстан картопты үшінші елдерге тасуға тыйым салды

21 қаңтарда Қазақстанның екі облысында көлік қозғалысына шектеу қойылды