Петропавлда "жоқ" пәтерлер жалға беріліп келген

Фото: pexels
Солтүстік Қазақстан облысының полицейлері Алматы облысының 33 жастағы тұрғынын ұстады, ол елдің бірқатар өңірінде, негізінен Петропавлда "жоқ" пәтерлерді жалға берген, деп хабарлайды Zakon.kz.

Петропавловск.news дерегінше, ол интернеттен алынған суреттерді жалдамады пәтерді ұсынатын сайтқа тіркеген. Және клиентке өзгде де қызығушылар бар екендігін айтып, сондықтан алдын ала төлем жасауды ұсынған.

Ол алдын ала төлем ретінде 5-тен 45 мың теңгеге дейін алып отырған. Ақша түскенненн кейін олардың нөмірін бұғаттап, байланысқа шықпай қойыпты. Мұқият тергеуден кейін полицейлер мұндай алаяқтықтың 16 эпизоды бойынша материалдарды сотқа берді.

Ол төрт жылға шартты түрде сотталды.

Полицейлер адамдарды қырағылыққа шақырады: Егер сіз сатушының адалдығына сенімді болмасаңыз, интернеттегі жарнамалар бойынша тауарлар мен қызметтерді алдын-ала төлеуге келіспеңіз.

Бұған дейін Қазақстанда электромобильдер саны 1,6 есеге көбейгендігі хабарланған болатын. 


Қазақстан
Петропавл

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

TikTok-тағы тікелей эфир: Тараз тұрғыны бес тәулікке қамауға алынды

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Аптап ыстық басылып, жаңбыр жауады: 18 тамызға арналған ауа райы болжамы

Бірыңғай QR: қазақстандықтарға жаңа сервистер қолжетімді болады

Абай облысында үш учаскеде табиғи өрт сөндіріліп жатыр