Ұлыбританияда үш қатарласын өлтірген жасөспірім сотталды

Фото: pexels
Ұлыбританияның Саутпорт қаласында Аксель Рудакубана есімді жасөспірім үш қызды өлтіргені үшін 52 жылға бас бостандығынан айрылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Sky News дерегінше, жасөспірім би студиясына ас үй пышағымен кіріп, қыздарға шабуыл жасаған. Ол кезекті құрбанының қасында болған кезде ұсталды. Кейінірек оның электронды құрылғыларын талдау, оның зорлық-зомбылық пен геноцид идеяларына құмар екенін көрсетті.

Белгілі болғандай, ол кісі өлтіру және балалар мен ересектерді өлтіруге әрекет жасау сияқты 13 түрлі тармақ бойынша өмір бойына бас бостандығынан айрылды. Дегенмен Рудакубана 52 жылдан кейін ғана мерзімінен бұрын босату туралы өтініш бере алады. Сондай-ақ, судьяның бас бостандығынан айыруға мүмкіндігі болмағаны атап өтілді. Себебі, айыпталушы қылмыс кезінде небәрі 17 жаста еді.

Сонымен қатар, сотталушының өзі сот үкімі жарияланған кезде отырысқа қатысқан жоқ, өйткені ол бұған дейін өзін нашар сезініп тұрғанын айтып, айқаймен процесті бұзуға тырысқан.

"Рудакубана өзінің адвокатына кеудесінде ауырсыну бар екенін, әрі қарай жүре алмайтынын айтты және фельдшердің көмегіне жүгінгісі келді, бірақ судья екі фельдшер оны "жалғастыруға қабілетті" деп танығанын айтты", – делінген басылымда.

Бұған дейін Алматыда полиция ұйымдасқан қылмыстық топ құрудың 10 дерегін тергеп жатқандығы хабарланған болатын.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Өздігінен қоқыс тастағаны үшін шенеуніктерге 10 миллион теңгеге жуық айыппұл салынды

"Аяз болады, боран соғып, қар бұрқасындатады": Астана мен 17 өңірде дауылды ескерту жарияланды

Көлікті 5 минуттан артық қыздырғаны үшін айыппұл: Экология министрлігінің басшысы өз ұстанымын білдірді

Қазақстан картопты үшінші елдерге тасуға тыйым салды

21 қаңтарда Қазақстанның екі облысында көлік қозғалысына шектеу қойылды