Шымкент алты жастағы жиенін ваннаға батырып өлтірген әйелге үкім шықты

Сурет: Zakon.kz
Шымкентте алты жастағы жиенін өлтірген әйелге үкім шықты. Ол қыздың қолын байлап, ваннада суға батырып жіберген, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сот отырысы қалалық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында ашық сот отырысында өтті. Әйелге ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабының 3-бөлігі "Кәмелетке толмаған баланы өлтіру" бойынша айып тағылды.

Қайғылы оқиға 2024 жылғы маусымда қала тұрғыны мен оның әпкесінің қызы Ақпан батыр көшесінде орналасқан жалдамалы пәтерде болған.

"2018 жылы туған жиені Е.-ның оянып, айқайлай бастағанына ашуланған сотталушы баланың қол-аяғын байлап, ұрып-соғып, оны еденге лақтырып жіберген. Салдарынан қыз есін жоғалтқан. Осыдан кейін сотталушы ваннаға су құйып, жиенін суға батырып, қасақана кісі өлтірген", - деп түсіндірді соттың баспасөз қызметі.

Прокурор әйелді 20 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады. Ал жәбірленушінің заңды өкілі сотталушыны кешіріп, оған қатаң жаза қолданбауды сұрады. Сотталушының өзі кінәсін мойындамады.

Сот К.-ны кінәлі деп танып, 20 жылға бас бостандығынан айырды. Ол жазасын қауіпсіздігі орташа түзеу мекемелерінде өтейді.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Жауын-шашын түсіп, көктайғақ болады". Дүйсенбіде еліміздің 17 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Азаматтардың өтініші көбейді: Мемлекеттік органдар мен әкімдіктер нені талқылады

Алматыда Сайран көлі маңынан қару мен патрондар табылды – полиция тексеруді бастады

1200-ден астам құқық бұзушылық: Астанада жаппай рейд жүріп жатыр

Атырауда отыз отбасы "Отбасы банктен" баспаналы болды