Қостанай облысында әкімдік ғимараты өртенді

Сурет: pixabay
Қостанай облысының құтқарушылары екі қабатты ғимараттағы өртті сөндірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оқиға Қарасу ауданы Айдарлы ауылында болған. 101 қызметіне екі қабатты ғимараттың шатырының өртеніп жатқаны туралы хабарлама түскен.

Өрт сөндіру есептері дереу оқиға орнына шықты. Елдімекен аудан орталығынан алыс болғандықтан, жұмыс күрделеніп, ал ағаш құрылым тез тұтанып, өрт шатырға тез тарады. Тығыз түтін, төмен ауа температурасы және екпінді жел, жалынның көрші ғимараттарға таралу қаупін арттырды.

Өрт 100 шаршы метр аумақта оқшауланды және толығымен жойылды. Ғимараттың жалпы ауданы 250 шаршы метр, бірақ өрт сөндірушілер оның толық жайылуына жол бермей, жақын маңдағы адамдарды құтқарды.

Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталып жатыр.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Нұрболат Мағзұмов ҚР Президенті Әкімшілігінің бөлім меңгерушісі болып тағайындалды

Қарағандыда жол апатынан 18 жастағы бойжеткен көз жұмды

Жалға алынған жерді жеке меншікке рәсімдеу тәртібі бекітілді

Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы – онлайн-трансляция

"Түнде қар, күндіз жаңбыр жауады". Еліміз бойынша 28 қазанға арналған ауа райы болжамы