"Қызылорда-Арал" тасжолы ақылы болды

Фото: Zakon.kz
Қызылорда мен Арал қалаларын байланыстыратын автожол автобус пен жүк көліктері үшін ақылы болады. Дәлірек айтқанда, ІІ техникалық санаттағы ұзындығы 454 шақырым жол учаскесі ақы алу жүйесіне 2025 жылғы 26 қаңтардан бастап іске қосылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Республикалық маңызы бар "РФ шекарасы (Самара) – Шымкент" автожолының "Қызылорда-Арал" учаскесінде 6 бақылау арка және клиенттермен жұмыс істейтін орталық бар. Аркаларда орнатылған камералар ақылы учаскелерде автомобильдердің қозғалысын, олардың жылдамдығы мен қарқындылығын, жолдағы жағдайды және т. б. тіркейді.

Автожолда төлем бекеттері болмайды, оның орнына ыңғайлы "ашық" төлем жүйесі қолданылады. Шлагбаумдар мен өткізу пункттері қойылмағандықтан кептелістер болмайды, бұл қосымша қауіпсіздікті қамтамасыз етіп, сапар уақытын қысқартады.

Жол жүру төлемі қолма-қол ақшасыз жүргізіледі.

Пайдаланушылардың қолайлығы үшін төлем жасаудың 10-ға жуық әдісі бар:

"Алдын-ала төлем әлдеқайда арзан болғандықтан, төлемақыны уақтылы жасауға кеңес береміз"."Қазавтожол" ҰҚ" АҚ

Бір бағыттағы (454 шақырым) төлем мөлшері:

"Жеңіл көлік иелері Қызылорда-Арал жолын тегін пайдаланады. Жергілікті тұрғындар үшін бір айлық және бір жылдық абонементтер қарастырылған",- делінген ақпаратта.

Жиналған қаражат жолдың өзін-өзі қаржыландыруын қамтамасыз ете отырып, мемлекеттік бюджетке түсетін жүктемені азайтуға септігін тигізеді. Жол қызметтері учаскені тәулік бойы патрульдеуді жүзеге асырады және жол жабынының, жарықтандырудың, жол белгілерінің ақауларын жедел жөндейтін болады.

Сонымен қатар, жол мен жол инфрақұрылымын қоқыстан және қардан тазартады, қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етудің жаңа жүйелерін белсенді түрде енгізеді.

Сондай-ақ, учаскедегі жағдайды kaztoll.kz сайтындағы "Онлайн трансляция" бөлімінде көруге болады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты