Алматыда 60-қа жуық мопед тіркеуден өткізілді

Фото: pexels
Қазақстанда мопедтерді тіркеу науқаны ресми түрде басталды. Өткен аптада Алматыда алғашқы екі дөңгелекті көлік тіркеліп, оның иесіне техникалық төлқұжат пен мемлекеттік нөмір табысталды.

Алматы қаласы ролиция департаментінің әкімшілік полиция басқармасы процессинг орталығының басшысы Айдын Меркімбаев бұл бастаманың маңыздылығын атап өтті.

Өткен жылы "Жол қозғалысы туралы" заңға енгізілген өзгерістер мопедтерді пайдалану тәртібін реттеуге бағытталған. Енді мопед жүргізушілері жол қозғалысының толыққанды қатысушылары ретінде қарастырылады және заң талаптарына бағынады.

Осыған байланысты Алматы полициясы тіркеу алгоритмі мен қажетті құжаттар тізімі көрсетілген жадынамаларды кеңінен таратуда.

Бұл ақпараттық материалдар мопед жүргізушілері жиі жиналатын орындарда, бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілер арқылы таратылып жатыр. Әрбір жүргізуші мопедтерді міндетті түрде тіркеу және А1 санатындағы жүргізуші куәлігін алу қажеттілігін білуі тиіс, – деді ол.

Алматыда бүгінге дейін 60-тан астам мопед ресми түрде тіркелді. Сондай-ақ полицейлер экстерриториалдылық қағидатының қолданылатынын еске салды, яғни көлікті кез келген өңірде тіркеуге болады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тоқаев қазақстандықтарды Жеңіс күнімен құттықтады

Құрылтай құрамына кімдер енді: саяси партиялар кандидаттар тізімін жариялай бастады

Аудит нәтижесі: Қазақстан атынан шетелге баратын спорт делегациясы қатаң іріктелетін болды

Boeing ұшағы Атлант мұхитының үстінде белгісіз себеппен апаттық сигнал берді

Алматыда қыркүйек қандай болады: күзгі салқын қашан келеді және "күзгі жылымықты" күтуге бола ма