Көкшетауда ер адам жасөспірімді қар төбешігі үшін соққыға жықты

Сурет: unsplash
Көкшетау полиция басқармасының қызметкерлері 16 жастағы жасөспірімге дене жарақатын салу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерді жүргізіп жатыр. Оқиға туралы хабарлама құқық қорғау органдарына 26 қаңтарда жедел жәрдем фельдшерінен келіп түсті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алдын ала мәліметтер бойынша, жанжал көп қабатты үйдің ауласында болған. Айғақтарға сәйкес, ер адам өзі салған қар төбешігінің бұзылуына наразы болып, жасөспірімнің бетінен ұрған. Салдарынан кәмелетке толмаған бала облыстық ауруханаға жеткізілді.

Полицейлер дереу болған оқиғаның мән-жайын тексеруге кірісті. Келтірілген зиянның ауырлығын анықтайтын сот-медициналық сараптама тағайындалды. 


"Полиция департаменті кәмелетке толмағандарға дене күшін қолдануға жол берілмейтінін және жауапкершілікке тартылатынын еске салады. Полицейлер азаматтарды кәмелетке толмағандардың құқықтары мен мүдделерін бұзбауға, бірақ заңда белгіленген тәртіппен мәселелерді шешуге жүгінуге шақырады", - деп хабарлады Ақмола облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі