Атыраудағы апатты үйдің тұрғындары биліктен шұғыл түрде көшіруді сұрауда

Фото: primeminister.kz
Атырау облысының әкімшілік орталығындағы көпқабатты үйдің тұрғындары бір күні үйіміз құлап, үйіндінің астында қаламыз ба деп қорқып отыр. Бұған себеп, тозығы жеткен ғимарттың бүгінгі жай-күйі. Толығырақ Zakon.kz ақпаратында.

Тұрғындардың айтуынша, ғимараттың іргетасы отырғаны соншалық есігінен кіру мүмкін емес. Ең сорақысы жаңбыр жауған сайын пәтердің іші суға толады екен, салдарынан ылғал, дымқыл жер кеппеген соң қабырғаларда көгеріп, иістеніп кеткен. Қарашаның зарын биліктегілерге жеткізу үшін "Еуразия" бірінші арнасының журналисті жағдайды өз көзімен көріп қайтты.

"Мен ең жоғарғы қабатта тұрамын. Аздаған жаңбыр жауып, қар ерісе төбемізден су сауылдайды. Өзіміз қанша жөндеу жүргізсек те, әрбір жер шұрық-тесік болғаннан кейін оның пайдасы да болмады. Біздің басты талабымыз тезірек жаңа үйге көшірсе дейміз. Егер билік жөндеу жұмыстарын ұсынса қабылдамаймыз, тек жаңа үйге көшірсін. Мұнда бұдан артық тұру мүмкін болмай барады",- деді апаттық үйдің тұрғындары.

Шенеуніктер барлық мән-жаймен етене таныс болып шықты. Бірақ, олар үйді сүру тек 2026 жылға жоспарланғанын алға тартады. Алдағы сұрақ, тозығы жеткен ғимарат бұл уақытқа дейін шыдап-шыдамасы.

Бұған дейін Қонаевта бір топ жасөспірімнің қатарласын аяусыз соққыға жыққандығы хабарланған болатын.

Қазақстан
Атырау

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Денсаулық сақтау министрлігі медицина қызметкерлерін көтермелеу қағидаларына өзгеріс енгізбек

Kaspi Жұма 5–8 қарашада өтеді: төрт күндік жеңілдіктер, бонустар және тиімді бөліп төлеу

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Тоқаев Дженсен Хуангты қабылдады

Ақордада "Астана-Көгалдандыру құрылысы" мекемесінің қызметкері Дидар Телжанұлына "Құрмет" ордені табысталды