Бектенов автожолдар салуға бөлінген жерлерге мораторий жариялауды тапсырды

Фото: primeminister.kz
Премьер-министр Олжас Бектенов 2025 жылғы 4 ақпандағы Үкімет отырысында автожолдар салуға бөлінген жерлерге мораторий жариялауды тапсырды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Көлік министрі Марат Қарабаев өткен жылы өнеркәсіп және құрылыс министрлігімен бірлесіп жерді алып қою рәсімі алты айға дейін қысқартылғанын атап өтті. Биылғы жылы норма ұзартылады. Жаңа жобалар бойынша алынатын жер көлемі анықталды.

"Барлық дайындық жұмыстары болашақта жобалар құрылысының кешеуілдеуіне және олардың қымбаттауына жол бермеу үшін алдын-ала жүргізілуі керек. Әкімдіктерге алдағы жобалар үшін учаскелерді резервтеуді қамтамасыз етуді, осы жерлерді беруге мораторий жариялауды және олардың нысаналы мақсатын өзгертуді тапсырамын. Өнеркәсіп министрлігі әкімдіктермен бірлесіп автожол жобаларына тартылған карьерлерді құжаттамалық ресімдеуді дайындауы қажет. Көлік министрлігі автожолдар салу үшін жерді мемлекет мұқтажына жедел сатып алуды заңнамалық реттеу мәселесін пысықтауы қажет", – деді Олжас Бектенов.

Бұған дейін Қарабаевтың ақылы жолдардан түсетін қаражаттың қайда жұмсалатындығын айтқанын жазған едік. Келер жылға шамамен 100 млрд түсім күтілуде. 

Қазақстан
Бектенов Олжас

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Селин Дион ауыр дерттен кейін сахнаға оралды

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Желідегі видео: жолда көліктерімен ойына келгенін істеген топ жас полицияға жеткізілді

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына кезекті Жолдауын қашан жасайтынын айтты

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді