NBC мәліметтері бойынша, жұмыртқаның жоғары бағасы кейбір тұтынушыларды жаңа идеяға итермелеген – тауықтарды жалға алу.
"Біз тұтынушылардың ауласына екі-төрт қабатты тауық қорасын әкелеміз. Екі тауық аптасына он шақты жұмыртқа салады, ал төрт тауық аптасына жиырма шақты жұмыртқа салады", – деді rent the Chicken Homestead негізін қалаушы Дженн Томпкинс.
Сарапшы бұл тұжырымдама жұмыртқаға ақша үнемдеудің орнына, жан тыныштығына байланысты клиенттерді қызықтыратынын айтты.
2013 жылы Питтсбург маңында құрылған Rent the Chicken компаниясы АҚШ пен Канада бойынша фермерлермен серіктес болып, тауықтарды алты айға жалға берумен айналысады.
Бұған дейін Таиландтан оралған туристен тері астындағы паразиттік құрт табылғандығы хабарланған болатын.