Тоқаев Нұрлан Әбдіровті Орталық сайлау комиссиясының төрағасы етіп тағайындады

Тоқаев Нұрлан Әбдіровті Орталық сайлау комиссиясының төрағасы етіп тағайындады  Нұрлан Әбдіров Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының төрағасы қызметіне қайта тағайындалды. Ол бұл қызметті 2022 жылғы 25 қаңтардан бері атқарып келеді, деп хабарлайды Zakon.kz.  Тиісті Жарлыққа Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін, 2026 жылғы 18 қыркүйекте қол қойды.  «Мемлекет басшысының Жарлығымен Әбдіров Нұрлан Мәжитұлы Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының төрағасы лауазымына тағайындалды», – делінген ресми хабарламада.  Нұрлан Әбдіров 1961 жылғы 12 қаңтарда дүниеге келген.  КСРО ІІМ Қарағанды жоғары мектебін, КСРО ІІМ Бүкілодақтық ғылыми-зерттеу институтының күндізгі адъюнктурасын (Мәскеу қаласы), сондай-ақ Дж. Маршалл атындағы Еуропалық қауіпсіздік мәселелерін зерттеу орталығында басшылық құрамға арналған төрт айлық курсты (Германия) бітірген.  Заңгер-құқықтанушы. Заң ғылымдарының докторы, профессор.  Еңбек жолы:  1982 жылғы қыркүйек – 1997 жылғы маусым – КСРО ІІМ Қарағанды жоғары мектебінде оқытушылық қызмет атқарды.  1997 жылғы маусым – 2000 жылғы мамыр – Қазақстан Республикасының Есірткіге бақылау жасау жөніндегі мемлекеттік комиссиясының хатшысы болды.  2000 жылғы мамыр – 2002 жылғы қыркүйек – Қазақстан Республикасының Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес агенттігі төрағасының орынбасары, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес комитеті төрағасының орынбасары қызметтерін атқарды.  2002 жылғы қыркүйек – 2005 жылғы маусым – мемлекеттік инспектор, Қауіпсіздік Кеңесі Хатшылығының қоғамдық және экологиялық қауіпсіздік бөлімінің меңгерушісі, Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі Хатшылығы меңгерушісінің орынбасары болды.  2005 жылғы маусым – 2009 жылғы қыркүйек – Қауіпсіздік Кеңесі хатшысының орынбасары – Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі Хатшылығының меңгерушісі қызметін атқарды.  2009 жылғы қыркүйек – 2020 жылғы тамыз – Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің төртінші, бесінші және алтыншы шақырылымдарының депутаты, Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы болды.  2020 жылғы тамыз – 2020 жылғы қыркүйек – Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты болды.  2020 жылғы қыркүйек – 2022 жылғы қаңтар – Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты төрағасының орынбасары қызметін атқарды.  Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 25 қаңтардағы №784 Жарлығымен Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының төрағасы болып тағайындалған., сурет - Zakon.kz жаңалық 18.09.2026 10:12 Сурет: election.gov.kz
Нұрлан Әбдіров Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының төрағасы қызметіне қайта тағайындалды. Ол бұл қызметті 2022 жылғы 25 қаңтардан бері атқарып келеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тиісті Жарлыққа Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін, 2026 жылғы 18 қыркүйекте қол қойды.

"Мемлекет басшысының Жарлығымен Әбдіров Нұрлан Мәжитұлы Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының төрағасы лауазымына тағайындалды", – делінген ресми хабарламада.

Нұрлан Әбдіров 1961 жылғы 12 қаңтарда дүниеге келген.

КСРО ІІМ Қарағанды жоғары мектебін, КСРО ІІМ Бүкілодақтық ғылыми-зерттеу институтының күндізгі адъюнктурасын (Мәскеу қаласы), сондай-ақ Дж. Маршалл атындағы Еуропалық қауіпсіздік мәселелерін зерттеу орталығында басшылық құрамға арналған төрт айлық курсты (Германия) бітірген.

Заңгер-құқықтанушы. Заң ғылымдарының докторы, профессор.

Еңбек жолы:

1982 жылғы қыркүйек – 1997 жылғы маусым – КСРО ІІМ Қарағанды жоғары мектебінде оқытушылық қызмет атқарды.

1997 жылғы маусым – 2000 жылғы мамыр – Қазақстан Республикасының Есірткіге бақылау жасау жөніндегі мемлекеттік комиссиясының хатшысы болды.

2000 жылғы мамыр – 2002 жылғы қыркүйек – Қазақстан Республикасының Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес агенттігі төрағасының орынбасары, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес комитеті төрағасының орынбасары қызметтерін атқарды.

2002 жылғы қыркүйек – 2005 жылғы маусым – мемлекеттік инспектор, Қауіпсіздік Кеңесі Хатшылығының қоғамдық және экологиялық қауіпсіздік бөлімінің меңгерушісі, Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі Хатшылығы меңгерушісінің орынбасары болды.

2005 жылғы маусым – 2009 жылғы қыркүйек – Қауіпсіздік Кеңесі хатшысының орынбасары – Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі Хатшылығының меңгерушісі қызметін атқарды.

2009 жылғы қыркүйек – 2020 жылғы тамыз – Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің төртінші, бесінші және алтыншы шақырылымдарының депутаты, Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы болды.

2020 жылғы тамыз – 2020 жылғы қыркүйек – Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты болды.

2020 жылғы қыркүйек – 2022 жылғы қаңтар – Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты төрағасының орынбасары қызметін атқарды.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 25 қаңтардағы №784 Жарлығымен Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының төрағасы болып тағайындалған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: