Мемлекет басшысы Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіровті қабылдады

Мемлекет басшысы Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіровті қабылдады, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.02.2025 15:42 Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіровті қабылдады. Бұл туралы бүгін, 2025 жылғы 5 ақпанда Zakon.kz сайтына Ақорданың хабарламасынан белгілі болды.

Президентке Бүкіләлемдік сайлау күні аясында елімізде өткізілген іс-шаралар, 2024 жылғы электоралды кампаниялардың қорытындылары, ОСК қызметінің қазіргі жай-күйі мен алдағы жоспары баяндалды.

Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаевқа сайлау комиссиясының халықаралық ынтымақтастықты кеңейту жөніндегі бастамалары таныстырылды.

Бұған дейін Тоқаев Ішкі істер министрлігінің басшысын қабылдаған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: