Тоқаев Орталық сайлау комиссиясының төрағасын қабылдады

ҚР президенті, Орталық сайлау комиссиясының төрағасы, сайлау, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.05.2023 15:02 Сурет: akorda.kz
16 мамыр күні мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіровті қабылдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР Президентінің баспасөз қызметінің мәліметінше, Мемлекет басшысына Қазақстан Республикасы Парламенті мәжілісі мен мәслихаттары депутаттарының сайлауын өткізу жөніндегі орталық сайлау комиссиясы жұмысының қорытындылары жайлы мәлімет берілді.

Сондай-ақ Нұрлан Әбдіров сайлау жүйесін жетілдіру және сайлау органдарының кәсібилігін арттыру бойынша Орталық сайлау комиссиясының атқарып жатқан жұмыстарының нәтижелері туралы баяндады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: