Киберполиция 1 млн теңге көлеміндегі алаяқтық әрекеттің алдын алды

Фото: freepik
Қарағанды облысында киберполиция қызметкерлері бір миллион теңге көлеміндегі алаяқтық әрекеттің алдын алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Абай аудандық полиция басқармасының киберполиция бөліміне "Қазақстан Халық банкі" АҚ жергілікті филиалының басшысынан қоңырау түсті.

Банк қызметкері бөлімшеде болған 65 жастағы аудан тұрғынына қатысты күдікті жағдай туралы хабарлады. Белгілі болғандай, азаматшаның телефонына бейтаныс нөмірден қоңырау түскен.

Алаяқтар өздерін "Қазақстан Халық банкі" қызметкерлері ретінде таныстырып, сенімге кіріп, әйелді жақын маңдағы банк бөлімшесіне баруға мәжбүрлеген.

Әңгіме барысында олар психологиялық қысым көрсетіп, қылмыстық жауапкершілікпен қорқытып, бір миллион теңгені "қауіпсіз шотқа" аударуды талап еткен.

Полиция қызметкерлері жедел әрекет етіп, азаматшаның алаяқтармен байланысын тоқтатып, түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Полиция мен банк қызметкерлерінің шұғыл әрекеттерінің арқасында ақша аудару әрекетінің жолы кесіліп, қаражат жәбірленушінің депозиттік шотына қайтарылды.

Полиция азаматтарға күдікті қоңырауларға сақтықпен қарауды ескертеді. Егер өздерін банк немесе құқық қорғау органдарының қызметкерлері ретінде таныстыратын адамдардан қоңырау түссе, бірден ресми нөмірлер арқылы тексеріп, күдік туындаған жағдайда дереу полицияға хабарласу қажет.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Ақмолада 5 және 6-сыныптарды біріктіріп оқыта бастаған: ата-аналар наразылық танытып жатыр

Қазақстандық әйел сөмкесіне патрон салып, басқа қалаға ұшпақ болған

Қазақстанда футбол қақпаларына қойылатын қауіпсіздік талаптары күшейтілді

Әзірбайжанда ковидке байланысты карантин режимінің мерзімі 2027 жылға дейін ұзартылды