Өзбекстанда дәрі-дәрмек саудасында заңсыздық көп

Фото: freepik
Өзбекстанда дәрі-дәрмек бағасы еркіне жіберілетін болды. Бұрын оны мемлекет реттеп отыратын. Ел президентінің жарлығына сай, енді құзырлы органдар тек арнайы рецептпен сатылатын дәрілердің бағасын ғана бақылауда ұстайды.

Биылдан бастап жаңа баж салығы күшіне енді. Осыған байланысты бірқатар импорттық дәрі қымбаттайды.

Айта кетейік, Өзбекстанда дәрі-дәрмекті заңсыз саудалау әрекеттері тыйылмай тұр, деп жазады qazaqstan.tv.

Жуырда ғана ұлттық қауіпсіздік комитеті 400-ге жуық қораптағы түрлі препаратты контрабандалық жолмен өткізбек болған топты құрықтаған.

Іле-шала әділет министрлігі дәрілік заттардың контрафактілік көшірмелерін жасау және тарату дерегін анықтады.

"Күдіктілер қолға түсіп, заңсыз әрекеттің жолы кесілді. Бөтен брендтерді заңсыз пайдаланған азаматтарға ірі көлемде айыппұл салынатынын ескертеміз. Кәсіпкерлерді заң талаптарын сақтауға, зияткерлік меншік саласындағы заң бұзушылықтарға жол бермеуге шақырамыз." Нусратилло Сулеймонов, Әділет министрлігінің жауапты қызметкері
Өзбекстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"СОЦИС-А" Құрылтай сайлауы бойынша экзитпол нәтижелерін жариялады

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Салық кодексінде не өзгереді

Құрылтай сайлауында сайлаушылардың 74,19%-ы дауыс берді

Алматыда өрт болды: тұрғындар эвакуацияланып, зардап шеккендерге көмек көрсетілді

Аптап ыстық пен өрт салдарынан Еуропада ескі бомбалар жарыла бастады