Алматыда балабақшадағы тәрбиешінің балаға қатыгездік танытқан әрекеті бейнебақылау камераларына түсіп қалған

Фото: primeminister.kz
Алматыда полиция балабақшадағы тәрбиешінің балаға көрсеткен қатыгездік әрекеттерін тергеуде, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тәрбиешінің әрекеттері бейнеленген кадрлар 14 ақпанда желіде тарады. Ондағы ақпаратқа сүйенсек, 4 жасар бала балабақшадағы ұрып-соғу жайлы ата-анасына шағымданған. Осылайша, ересектер бейнебақылау камераларын қарай бастаған. Көп ұзамай мұғалімнің жылап жатқан баланың тыныс алу жолдарын ұзақ уақыт жауып, аяғынан сүйреп, дөрекі сөйлеген әрекеттері табылған.

Ата-аналар полицияға жүгінді.

Алматы ПД баспасөз қызметінде кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамау фактісі бойынша Бостандық ауданы полиция басқармасы жанындағы полиция бөлімі қылмыстық іс қозғағанын айтты.

"Оқиғаның мән-жайы анықталуда. Кінәлі адамдар заңнамаға сәйкес жауап береді", - делінген ақпаратта.

Бұған дейін Ақтөбе облысында браконьерлер ұсталғандығы хабарланған болатын. 

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Айдос Сұлтанғали Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатында қола медальға ие болды

"Аяз, тұман, көктайғақ". Дүйсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды