Қазақстандық теннисші карьерасында алғаш рет "Челленджердің" жұптық сынында жеңіске жетті

Сурет: ktf.kz
Қазақстандық теннисші Бейбіт Жұқаев украиналық Виталий Сачкомен бірге Манамадағы (Бахрейн) Челленджер сериясы турнирінің чемпионы атанды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жұқаев пен Сачко финалда Иван Лютаревичті (Беларусь)/Люка Санчесті (Франция) 36 минутта 6:4, 6:0 есебімен жеңді.

Қазақстандық теннисші карьерасында алғаш рет "Челленджердің" жұптық сынында жеңіске жетіп отыр.

Бейбіт Жұқаев бұған дейін Мысыр мен Астанада өткен ITF M25 санатындағы турнирдің жұптық сынында жеңіске жеткен еді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мобильді интернеттің дамуы: 5G желісін пайдалану қарқыны артты

Игорь Лепеха ішкі істер министрінің орынбасары лауазымынан босатылды

Биыл 595 мың теңге, 2027 жылы 770 мың теңге – жүктілік пен босануға байланысты төлем қалай есептеледі

Жалақы, қосымша төлемдер және даулы мәселелер бойынша мұғалімдер 1472 нөмірінен кеңес ала алады

Қазақстандық әйелдер 2026 және 2027 жылдары декретке шыққанда қанша төлем алады