Ұлытау облысында "Жомарт" кенішінің жетінші шахтерының денесі табылды: полиция істі бастады

Фото: rawpixel
Бүгін, 18 ақпанда таңға жуық Ұлытау облысындағы "Жомарт" шахтасында қаза тапқан жетінші шахтердың денесі табылып, жоғарыға көтерілді. Өңір полициясы қылмыстықт іс қозғады, деп хабарлайды Zakon.kz.

ТЖМ мәліметінше, кеніштен жетінші қызметкердің денесі табылды. Оның жеке басы анықталуда.

Қайтыс болған жеті жұмысшылардың денелері жоғарыға көтеріліп, сот-медициналық сараптама жүргізу үшін полиция қызметкерлеріне тапсырылды.

"ҚР ТЖМ жедел штабының "жедел желісіне" 23 қоңырау келіп түсті",- деп жазды құтқарушылардың баспасөз қызметі.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 277-бабының 3-бөлігі "Тау-кен немесе құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу" бойынша іс қозғалды. Оқиға орнында Ұлытау облысының полиция департаментінің жедел-тергеу топтары жұмыс істеп жатыр.

"Қазіргі уақытта барлық қажетті тергеу амалдары жүргізілуде",- делінген өңір полициясының ақпаратында.

Айта кетсек, 17 ақпанда Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданында "Жомарт" шахтасында тау-кен массасы опырылып, үйінді астында жеті кенші қалып кетті. Бүгін, 18 ақпанда таңға жуық қаза тапқан жетінші шахтердың денесі табылып, жоғарыға көтерілді. Сондай-ақ, опырылуы себептерін анықтау және зардап шеккендерге көмек көрсету жөніндегі арнайы комиссия құрылды. Айта кетсек, 17 ақпанда Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданында "Жомарт" шахтасында тау-кен массасы опырылып, үйінді астында жеті кенші қалып кетті. Бүгін, 18 ақпанда таңға жуық қаза тапқан жетінші шахтердың денесі табылып, жоғарыға көтерілді. Сондай-ақ, опырылуы себептерін анықтау және зардап шеккендерге көмек көрсету жөніндегі арнайы комиссия құрылды.

Қазақстан
Ұлытау облысы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты