Астанада 15-қабаттан құлаған жасөспірім қыздың жағдайы ауыр

Сурет: pexels
Астанада 15-қабаттан құлаған жасөспірімнің жағдайы ауыр. Дәрігерлердің айтуынша, денесінің сау жері қалмаған. 12 жастағы қызды мұндай әркетке не итермелегені әлі анықталмады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жерде ыңырсып жатқан қызды жедел жәрдем дәрігерлері бірден қалалық көпсалалы ауруханаға жеткізген. Көршілерінің айтуынша, кешкі сағат алты шамасында жасөспірім құлдилап барып, үйдің дәл іргесіндегі дүкеннің шатырына құлапты, деп хабарлады КТК телеарнасы.

Қыздың бірнеше жерден сүйегі сынған, миы шайқалып, көп мөлшерде қан жоғалтқан. Дәрігерлер оқушының денсаулығын күні-түні бағдарлап, қажет көмекті көрсетіп жатыр. Бұған қатысты полиция қылмыстық іс қозғады.

"Кәмелетке толмаған қыз баланың құлау дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Биіктен құлаған. Жәбірленуші ауруханаға жеткізілді. Бұл оқиғаның себептері мен мән-жайы анықталып жатыр".Астана полиция департаментінің баспасөз хатшысы Эльмира Шәуленова
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандағы зейнеткерлер қандай жеңілдіктер мен көмекке үміткер бола алады және оларды қалай алуға болады

Астана, Алматы, Шымкент. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Ерлан Қарин: Жаңа Конституция ел дамуындағы жаңа тарихи кезеңді бастайды

Қазан айында ел азаматтары қанша күн демалады

"Үсік жүріп, тұман түседі". Синоптиктер еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жариялады